Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Уатхан Ақжол 1996 жылы 9 қыркүйек күні Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келді. 2003 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Н. Алдабергенов ауылдық округіне қарасты Матай Байысов атындағы орта мектепті тәмамдады.  2018 жылы Ескелді ауданы, Жастар ауылында орналасқан Көксу ауылшаруашылық колледжіне оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын 2021 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтады. 2026 жылдың наурыз айынан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында музыкалық редактор қызметін атқарып жүр.

Шығармашылық жолын өлең жазудан бастап, бүгінде 100-ге жуық әнге мәтін жазған ақын. Оның қаламынан туған «Міндет. Ерлік. Абырой.» атты ән қазақ полициясының әнұранына айналып, осы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің марапатына ие болған. Өлең мен ән мәтінін шығармашылықтың негізгі бағытына айналдырған Ақжол Уатхан қазіргі таңда да қазақ ән өнеріне өз үлесін қосып, жаңа туындылармен шығармашылық ізденісін жалғастырып келеді.