Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3
Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/filarmonia-jetisuobl.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Джексембаев Самат Жанғазыұлы 1988 жылы 22 ақпан күні Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылында дүниеге келді. 2007 жылы Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжін «Домбырашы» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2011 жылы Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетін «Дәстүрлі музыкалық өнер: халық аспаптары» мамандығы бойынша аяқтады. Унисерситет қабырғасында білім ала жүріп, аталған оқу орнындағы «Шат» ансамблінде жеке орындаушы ретінде еңбек етті. 

2012 - 2013 жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы Н.Тілендиев атындағы музыкалық мектепте «Домбыра» сыныбының мұғалімі боп жұмыс істеді. 2012 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестріне домбырашы - аспапшы болып қабылданып, 2014 жылға дейін оркестрдің концертмейстері қызметін атқарды. Сонымен қатар, 2012 жылдан бері физика - математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Домбыра - дастан» үйірмесінің көркемдік жетекшісі. 2017 - 2018 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы директорының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылы қайтадан М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестріне домбырашы - аспапшы болып ауысты. 2022 жылдың қыркүйек айынан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының директоры қызметінде.

Шығармашылық жолындағы жетістіктері:

2013 жылы - Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ Саз фестивалінің дипломанты. 

2015 жылы - Н.Тілендиев атындағы Халықаралық байқаудың 3 орын иегері.

2016 жылы - Татарстан Республикасы композиторлар одағының Құрмет грамотасы. 

2017 жылы - Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен өткен Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» V саз фестиваліне «Домбыра» номинациясы бойынша қатысып, ІІІ орынды жеңіп алып, лауреат атағына ие болды.

2017 жылы Талдықорған қаласында өткен Республикалық «Алтын таяқша» дирижерлар байқауының дипломанты.

Марапаттары:

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты - 2018 жыл.

Алматы облысы әкімінің Алғысы - 2021 жыл.

«Үздік аспапшы» Дипломы - 2022 жыл.

Жетісу облысы әкімі орынбасарының Құрмет грамотасы - 2022 жыл. 

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты - 2024 жыл.

ҚР мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы - 2024 жыл.

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының Алғыс хаты - 2024 жыл.

«Bilim - orkenieyti» ұлттық инновациялық ғылыми - зерттеу орталығының Алғысы - 2024 жыл.