Жиенбаев Марат Қастайұлы 11 тамыз күні 1969 жылы Ақсу ауданының Жансүгіров кентінде дүниеге келді. 1976 жылы Қаныш Сатпаев атындағы орта мектепке барып, 1986 жылы аяқтады. Осы жылы Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институына түсті. 1987-89 жылдары әскер қатарында болды. 1990 жылы Алматы теміржол техникумына түсіп, 1992 жылы «Теміржолдарды пайдалану» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне түсіп, 2012 жылы «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1989 жылы Ақсу нан зауытында жұмысшы болып бастады. 1990 жылы Ақсу ПМК-100 мекемесінде учаске жұмысшысы болып еңбек етті. 1991-1995 жылдары Ақсу қант зауытында слесарь қызметін атқарды. 2014 жылы Ақсу аудандық комиссиариатында офицерлік құрам бойынша кадр қызметкері болып істеді. 2019-2023 жылдары Жетісу облысының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу» басқармасынад жүргізуші болып еңбек етті. 2023-2024 жылдары осы мекемеде өрт сөндіруші қызметін атқарды. 2024-2025 жылдары Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы Академиялық драма театрында машина цехының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2025-2026 жылдары Жетісу облысының «Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де күзетші болып істеді.2026 жылдың мамыр айынан бастап Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында сахна меңгерушісі қызметінде.
Марапаттары:
Ауғанстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Интернационалист жауынгерге Ауғанстан халқынан» медалі - 1988 жыл 15 мамыр
Алматы облысы, Ақсу аудандық мәслихатының шешімімен «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағы – 2019 жыл
Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник М,Дарманқұловтың Грамотасы – 2013 жыл 15 ақпан
Ақсу аудынының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы подполковник А.Жетибаевтың Грамотасы – 2012 жыл 13 ақпан
Бауыржан Момышұлының туғанына 100 толуына орай «Отанын қорғаушы» құрмет белгісі – 2010 жыл
КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының Грамотасы – Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен әскери қайсарлығы үшін, 1988 жыл 28 желтоқсан
Алматы облысы әкімі А.Мұсахановтың Алғыс хаты - 2014 жыл
Алматы облысы, Ақсу ауданының әкімі А.Айтжановтың Құттықтау хаты – 2006 жыл 16 желтоқсан
Талдықорған қаласы әкімі Д.Шалтабаевтың Құттықтау хаты – 2018 жыл, желтоқсан
Талдықорған қаласы әкімі Ә.Масабаевтың Алғыс хаты – 2022 жыл, желтоқсан
ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Талдықорған қаласының әкімі Б.Қарасаевтың Құрмет грамотасы - 2016 жыл.
