Жапабаев Темірхан Солтыбайұлы 1966 жылы 7 ақпан күні бұрынғы Талдықорған облысы, Кировск ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келді. 1987 жылы Талдықорған қаласындағы заң техникумын «Құқықтанушы» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолы:
1983 жылы - КПСС-тің 23 съезі атындағы совхозда жұмысшы
1983-1984 жылдары - Талдықорған заң техникумы
1984-1986 жылдары - Әскер қатарындағы қызметте
1986-1987 жылдары - Талдықорған заң техникумы
1987-1988 жылдары - Кировск кентіндегі МРБ, инженер
1988-1989 жылдары – Үштөбе қаласындағы құрама жем зауыты
1989-1993 жылдары – Үштөбе қаласындағы жеміс базасы, заңгер
1993-1997 жылдары - Үштөбе қаласындағы құрама жем зауыты, заңгер
1997 жылы - Үшарал қаласы, «Алакөл қант зауыты» АҚ, заңгер
1997-1998 жылдары - Талдықорған қаласы, «Ерлан и К» ЖШС, заң кеңесшісі
1998-1999 жылдары - Талдықорған қаласы, Жұмыспен қамту орталығы
1999-2000 жылдары - Талдықорған қаласы, «Асем» ЖШС, заңгер
2001-2003 жылдары - Талдықорған қаласы, Алматы облыстық сот әкімшісі
2005 жылы - Текелі қаласының салық комитетінде заңгер
2005-2012 жылдары - Талдықорған қаласы, Алматы облыстық СЭС, заңгер
2012 жылы - Талдықорған қаласы, «Халықтар достығы» ассамблеясы, заңгер
2013-2018 жылдары - Қарабұлақ кенті, «Шаруа Несие» ЖШС, заңгер
2014-2018 жылдары – Талдықорған қаласы, Коммунистік халық партиясының Алматы облыстық комитетінің қоғамдық қабылдау бөлімінде заңгер
2018-2019 жылдары - Талдықорған қаласы, «Омега SС» ЖШС, күзетші
2021-2022 жылдары - Талдықорған қаласы, «Тері-венерологиялық аурулар» диспансері, заңгер
2022-2023 жылдары - Талдықорған қаласы, «Жұмылдыру дайындығын, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету» басқармасы, заңгер
2023 жылы - Қонаев қаласы, «Жұмылдыру дайындығын, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету» басқармасы, заңгер
2026 жылдың наурыз айынан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында заңгер қызметінде
