Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3
Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ноғайбеков Сәкен Қанатұлы 1998 жылы 7 шілде күні Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылында дүниеге келді. 2020 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтады. Бұл салада ол жаттықтырушы ретінде кәсіби жолын қалыптастырды.

Мамандығы спорт саласымен байланысты болғанымен, өнерге деген жақындығы мен сахнаға деген сүйіспеншілігі оны мәдениет әлеміне жетеледі. Студенттік кезден бастап түрлі концерттер мен мәдени шараларда жүргізушілік қабілетін шыңдап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

2020 жылы Сарыөзекте орналасқан Кербұлақ аудандық фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамбліне концерт жүргізушісі болып жұмысқа қабылданып, өнер жолындағы қадамын нықтай түсті. Осы уақыт аралығында мәдениет саласында белсенді еңбек етіп, аудан көлеміндегі көптеген маңызды іс-шаралардың тізгінін ұстады.

Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша да еңбек етіп, Кербұлақ аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы қызметін атқарып, жас спортшыларды тәрбиелеуге өз үлесін қосты. Бұл салада 5 жыл табысты қызмет етіп, тәжірибе мен кәсіби біліктілігін шыңдады.

Бүгінде Ноғайбеков Сәкен Қанатұлы — спорт пен өнерді қатар алып жүрген, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, көпшілікпен тіл табыса білетін, сахна мәдениеті мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азамат. Оның басты мақсаты — ел мәдениеті мен руханиятына қызмет етіп, өнер арқылы халықтың ықыласына бөлену.

2026 жылдың сәуір айынан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында әртіс-жүргізуші қызметін атқарып жүр.


Байбосынова Гүлзия Жекенқызы 1964 жылы 18 сәуір күні Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз селосында дүниеге келді. Білімі жоғары, Алматы педагогикалық қыздар институтын аяқтады. 1988 жылдан бері облыстық Сүйінбай атындағы филармониясының «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі, ФЭ «Адырна», «Сазген» ансамбльдері, М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің және көптеген Қазақстан өнер шеберлерінің концерттерінің жүргізушісі болды.

Бірнеше мәрте М.Мақатаев, О.Бөкееев атындағы облыстық және республикалық көркем сөз оқуларының лауреаты. Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларында өткен Бүкілодақтық халықтар творчествосы байқауының лауреаты. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай өткізілген «Азамат» поэзия күнінде танытқан ерекше белсенділігі үшін «Отан» партиясының марапаттау дипломының иегері.

1990-94 жылдар аралығында телевизиялық циклды хабарларды жүргізген. Елбасының қолдауымен Астанамыздың туған күніне арналған мерекелік концерттердің жүргізушісі.

Марапаттары:

Қазақстан «Жастар одағы» сыйлығының лауреаты – 2000 жыл;

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Алматы облысы әкімінің

«Құрмет» грамотасы – 2011 жыл;

«ҚР мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі - 2013 жыл;

М.Ералиеваның шығармашылығына арналған байқаудың алғыс хаты -2015 жыл;

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі атынан «Мәдениет майталманы» медалі - 2016 жыл;

Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы – 2016 жыл;

Алматы облыстық кәсіподақ орталығының Алғыс хаты – 2017 жыл;

Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы – 2017 жыл;

«Еңбек даңқы» төсбелгісі – 2019 жыл;

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты – 2022 жыл.

2022 жылдан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында әртіс жүргізуші қызметін жалғастырып жүр.


Тұрдаш Мадина Маратқызы 2000 жылы 19 сәуір күні Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келДІ.

2006 жылы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясына 1-ші сыныпқа барды. 2017 жылы мектепті тәмамдап, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика факультетіне, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2021 жылы оқуын аяқтап, экономика және бизнес бакалавры дәрежесі берілді. 2021-2023 жж. «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада оқып, «Экономика ғылымдарының магистрі» дәрежесін алады.

2019-2021жж. Жетісу университетінің Жастар орталығында үйлестіруші қызметін атқарды. 2021-2025жж. Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Өтенай ауылдық Мәдениет үйі, «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде әртіс-жүргізуші қызметінде жұмыс жасады.

2026 жылдың тамыз айынан бері Жетісу облысының Д.Рақышев атындағы филармониясында әртіс-жүргізуші, сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Құқық және экономика» факультетінде оқытушы болып қызмет атқарады.

Жетістіктері мен марапаттары:

2020 жылы – «Қазақстанның алтын жастары» сыйлығының лауреаты;

2020 жылы – Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы» жастар сыйлығының лауреаты;

2022 жылы – «Мисс Талдықорған-2022» байқауының жеңімпазы;

2024 жылы – Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы;

2024 жылы – Жетісу облысы әкімінің Алғыс хаты.