Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3
Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шоқанаев Ершат Бақытұлы 1979 жылы 1 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін хореограф мамандығы бойынша аяқтады. 2002 жылдан бері Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінде балет әртісі болып үздіксіз қызмет атқарды. Ершат Бақытұлы ансамбль құрамында еңбек ете жүріп, ұжымның жоғарғы биіктерден көрінуіне зор үлес қосты.

2025 жылдан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында менеджер қызметін атқарып жүр.

Марапаттары:

2001 жылы Ш.Жиенқұлова атындағы ІІ Республикалық байқауға қатысып, «Қазақ ұлттық биі» номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды.

2013 жылы филармония директорының алғыс хатымен марапатталды.

2016 жылы ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


Сейтқожаев Нұржан Дүйсенбайұлы 1981 жылы 26 қазан күні Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. 

2003 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша аяқтады. 

2002 - 2008 жылдары АМУ оқу лабораториясында лаборант болып еңбек етті. 2009 - 2010 жылдары Жетісу ауылдық мәдениет үйінде әдіскер қызмет атқарды. 2010 - 2013 жылдар аралығында Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығында «Жылжымалы мәдени кешені және техникалық жабдықтарды пайдалану» бөлімінің меңгерушісі болды. 2013 - 2015 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында мененджер қызметін атқарды. 2015 - 2017 жылдары «Алатау әуендері» МКҚК - да музыкалық көркемдік жетекші қызметінде болды. 2017 - 2019 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында бас әкімші қызметін атқарды. 2022 жылы Ескелді ауданының Қарабұлақ орта мектебінде ұйымдастырушы қызметін атқарды. 

2022-2025 жылдары Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында бас әкімші қызметінде болып, 2025 жылдан бері менеджер қызметін атқарып жүр.