Абельдинов Еркеш Дәулетұлы 1994 жылы 18 наурыз күні Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келді.
2016 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық университетке түсіп, 2020 жылы «Хореография» мамандығы бойынша аяқтады. Ал 2022 жылы аталмыш оқу орнын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы:
2011-2017 жылдары – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Алтынай» Мемлекеттік халық биі ансамблінде балет әртісі ретінде қызмет етті.
2017-2019 жылдары – «Талдықорған әуендері» этнографиялық ән-би ансамблінде балет әртісі болып еңбек етті.
2020-2022 жылдары – Астана қаласында Денсаулық сақтау Министрлігінде қызмет атқарды.
2023-2026 жылдары– Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында аудандық мәдениет үйінде би қоюшы ретінде қызмет етті.
2026 жылдың қыркүйек айынан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында «Концерттерді ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі қызметінде.

