Құсайынова Арай Азатқызы 1988 жылы 21 мамыр күні Талдықорған қаласында дүниеге келді. 2010 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетті қаржы мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2010 жылы Көксу ауданында мәдениет үйінің бухгалтері қызметінен бастады. 2017 жылдан бері Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында бухгалтер қызметін атқарып, 2022 жылдан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында осы лауазым қызметін жалғастырып жүр.
Марапаттары:
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Алғыс хат - 2011 жылы
Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы директорының Алғыс хаты - 2022 ж., мамыр.
Жетісу облысының филармониясы директорының Алғыс хаты - 2023 ж., наурыз.
Жетісу облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты - 2023 ж., қазан.