Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3
Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Кенжетаева Арай Әуелханқызы 1990 жылдың 29 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында дүниеге келді. 2009 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандырылған мектеп-интернатын сырнай аспабы бойынша бітіріп, 2013 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «Оркестр әртісі, оқытушы» мамандығын алды.

2016 жылы Темірбек Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының қабырғасында  «Константин Кирилович Ошлаков - баян (сырнай) музыкалық мәдениетінің бағалы негізін қалаушы тұлға» атты диссертациясын қорғап, «Сырнай музыкалық аспабының шығу тарихы» және «Қазақстанның енбегі сіңген оқытушы - К.К.Ошлаков» мақаласы жарыққа шығып, өнертану ғылымының магистр дәрежесі берілді. Оқуда жүріп сырнай аспабымен ансамбльдермен Ресей, Будапешт (Венгрия), Сербия (Белград), Берлин (Германия),  Башқұртстан (Уфа), Түркия (Стамбул), Кападокия, Нигде, Австрия ( Вена), Прага (Чехия), Словения елдерінде концерттік сапарда болды.

Өнердегі жетістіктері:

2004 жыл, Академик Ахмет Жұбановтың 98 жасқа толуына орай конкурс 2-орын. Алматы қаласы

2007 жыл, «Мәңгілік сарын» дәстүрлі музыка фестивалі Диплом. Алматы қаласы

2009 жылы «Muzic forum Kazakhstan»Республикалық музыка олимпиадасы «Халық аспаптар» номинациясы бойынша 2-орын. Алматы қаласы

2010 жыл, За лучшее исполнение произведений композиторов Казахстана и обработок кюев для баяна и аккордеона Диплом. Алматы қаласы

2011 жыл, Республикалық пәндік олимпиада, «Баян,аккордеон» номинациясы бойынша 1-орын лауреат.

2013 жыл, I-Халықаралық баян және аккордеон байқауы 1-орын лауреат.Алматы қаласы

2013 жыл, Алматы облыстық шығармашылығы орталығы, Құрмет грамотасы. Талдықорған қаласы

2014 жыл, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Сертификат. Алматы қаласы

2015 жыл, Fatih Sultan Mehmet Vakif Universitetesy, Sertificate. Түркия елі, Стамбул қаласы

2015 жыл, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы елшілігі, Алғыс хат. Венгрия қаласы

2015 жыл, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алғыс хат. Алматы қаласы

2015 жыл, Baratsag Kulturalis Kospont, Sertificate. Сербия қаласы

2015 жыл, Международный фестиваль национальных культур «Берзәмлек-Содружество» , Алғыс хат. Уфа қаласы

2016 жыл, Газета Казахстанская правда статья «Молодые после культуры». Алматы қаласы

2016 жыл, Алматы облыстық шығармашылығы орталығы, Құрмет грамотасы. Талдықорған қаласы

2017 жыл, IV Uluslararasi Tur Dunyasi Arastirmalari sempozyumu «Тesekkue Belgesi», Түркия елі, Негде қаласы

2017 жыл, Қоғамдық даму басқармасы, Алғыс хат. Талдықорған қаласы

2018 жыл, «Іле таңы» газеті мақала. Алматы облысы

2022 жыл, «Аманат» партиясы, Алғыс хат. Талдықорған қаласы

2022 жыл Жетісу облысының әкімдігі қоғамдық даму басқармасы, Құрмет грамота . Талдықорған қаласы

2023 жыл, Жетісу облысы, Ақсу ауданы Алғыс хат. 

2023 жыл, Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасы. Жетісу облысы

Еңбек жолы:

2011-2012 ж.ж.- «Алатау әуендері» МКҚК «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің сырнайшы

2013-2016 ж.ж.- Алматы облысы, Іле ауданы әкімінің Аудандық мәдениет үйінің Халықтық «Сарытауқұм» ансамблінің  аккомпаниатор-концертмейстері

2014-2015 ж.ж. - Алматы облысы, Іле ауданы, М.Мақатаев атындағы №13 мектеп музыка пәні мұғалімі;

2016-2017 ж.ж. - Алматы облысы, Іле ауданы, №1музыка мектебінің музыка пәні мұғалімі;

2017-2018 ж.ж. - Алматы облысы, Іле ауданы әкімінің Аудандық мәдениет үйінің директоры;

2018-2019 ж.ж. - Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының директор орынбасары;

2020-2021 ж.ж. – Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының жанынан құрылған фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі;

2021-2022 ж.ж. - Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының концерттік бөлім меңгерушісі;

2022 жылдан бастап Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының көркемдік жетекші қызметін атқаруда.