Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3
Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ақжолова Кенжекей Әбілқызы 15 желтоқсан күні 1973 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді. 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және өнер институтына түсіп, аталмыш оқу орнын 1999 жылы театр және кино актеры, эстрада әртісі мамандықтары бойынша аяқтады. 1999-2015 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында әртіс болып, облыстық Сегіз Сері атындағы филармонияда жеке орындаушы болып қызмет атқарды. 2005-2015 жылдары дарынды балаларға арналған Ә.Досмухамбетов атындағы мамандандырылған мектепте ән және драма үйірмесінің жетекшісі болып еңбек етті.

2015-2025 жылдар аралығында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында жеке дауыстағы әнші, көркемдік жетекші ретінде қызмет атқарды.

2025 жылдың қазан айынан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында бас әкімші болып қызмет атқарып жүр.

Шығармашылық жолындағы жетістіктері:

2002 жылы Шымкент қаласында өткен термешілер байқауында ІІ орын;

2005 жылы Қ.Жандарбеков атындағы республикалық байқауда ІІ орын;

2008-2012 жылдар аралығында облыс әкімі стипендиясының иегері болды;

2010 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағына ие болды (театрда 60-қа тарта роль сомдады).

2016, 2018 жылдары Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2022 жылы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы»-ның «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.