Рахимбаева Ләззат Мақсатқызы 1981 жылы 18 қазан күні Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келді. 2003 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Мемлекеттік университетті аяқтады. 2009 жылы Талдықорған қаласындағы «Экономика және құқық академиясын» қаржы мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы «Қазоформление» ЖШС - де жарнама менеджері ретінде бастады. 2003 - 2004 жылдар арасында Үштөбе қаласындағы Фрунзе атындағы мектеп - интернатта информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. 2005 - 2009 жылдары Алматы қаласында «TSC GROUP» ЖШС - де қызметкерлер бойынша менеджер болып, 2010 жылы «№4 кәсіби лицей» ММ - нің бухгалтері, 2010 жылы «Қаратал аудандық әкімдігінің экономика бөлімі» ММ - інде бас маман, 2011 - 2012 жылдары «Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ - інде бас маман, 2012 - 2013 жылдары «Темірсерік» ЖШС - інде бухгалтер қызметтерін атқарды.
2013 - 2018 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында бас бухгалтердің орынбасары, 2019 жылдан бас бухгалтер қызметін атқарды.
2022 жылдан бері осы қызметін Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында жалғастырып жүр.
Марапаттары:
Филармония директорының Алғыс хаты - 2015 жыл
Алматы облыстық кәсіподақ орталығының Алғыс хаты - 2017 жыл
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасы - 2018 ж., наурыз
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты - 2018 ж., қазан.
«Еңбек даңқы» төсбелгісі - 2023 ж., мамыр.
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаты - 2023 ж., қараша.