Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3
Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/filarmonia-jetisuobl.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арапов Данияр Өмірсерікұлы - Республикалық байқаулардың лауреаты, композитор, аранжировщик (музыка өңдеушісі).

1988 жылы Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінде дүниеге келДІ.

1994 жылы Сарқан қаласындағы Абай атындағы орта мектеп - гимназиясының табалдырығын аттады.

1998 - 2003 жылдар аралығында Талдықорған қаласы Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектеп - гимназиясында білім алды.

2003 - 2004 жылдар аралығында Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп - лицейінен білім алды.

2004 - 2008 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледждің сырнай аспабы бойынша Е.Еркеновтың классынан дәріс алып, «Үздік диплом» иесі атанды.

2008 - 2010 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп - лицейінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2009 - 2013 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін мәдениет және өнер факультетінің музыкалық білім мамандығы бойынша бітірді.

2010 жылдан бастап Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына дыбыс жазу студиясының меңгерушісі қызметіне қабылданып, 2022 жылдан бері осы қызметін Жетісу облысының Д.Рақышев атындағы филармониясында жалғастырып жүр.

Композиторлық дарыны әкесі ҚР мәдениет қайраткері, композитор Өмірсерік Араповтан дарыған. 2005 жылдан бастап өз ойынан лирикалық, патриоттық және балалар әндерін шығара бастаған. Қазіргі таңда 40 - қа жуық лирикалық, патриоттық және балалар әндерінің авторы және 300 - ден аса әр түрлі жанрдағы әндерге аранжировка жасады. Әндері Жетісу өңіріне танымал әншілердің орындауында Республикалық қазақ радиосынан беріліп, орындалып келеді және қазақ радиосының алтын қорына «Сезім сеңгірі» атты әні тіркелген. Сонымен қатар, «Жетісу» телеарнасының «Ән шырқайық» бағдарламасына шақырылып, ән кеші ұйымдастырылды.

Шығармашылық жолындағы жетістіктері:

2006 жыл - «Музыка аспабында ойнау» номинациясы бойынша «Талдықорған шұғыласы» жас таланттар байқауындағы жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін І дәрежелі дипломы;

2017 жыл - Облыстық «Өткен жылдың жаңа әндері» атты жобаға «Сен жаным» атты композиторлық туынды ұсынғаны үшін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаты;

2017 жыл - «Достар дауысы» телевизиялық шығармашылық жастар байқауының Алғыс хаты;

2018 жыл - Облыстық «Өткен жылдың жаңа әндері» атты жобаға «Нұрлы жауын» атты композиторлық туынды ұсынғаны үшін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаты;

2018 жыл - І Республикалық «Елге арнау» атты композиторлар байқауына «Жетісу - жүрегімнің жауһар әні» атты туындысын ұсынғаны үшін «Ең үздік ән» номианциясының ІІІ дәрежелі Диплом иегері;

2019 жыл - Облыстық «Өткен жылдың жаңа әндері» атты жобаға «Мен қайсарлы қазақпын» атты композиторлық туынды ұсынғаны үшін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаты;

2021 жыл - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Республикалық «Елге арнау» композиторлар байқауының «Жетісу өңіріне арналған ән, шығарма» номинациясы бойынша Диплом ІІ орын;

2022 жыл - Облыстық «Өткен жылдың жаңа әндері» атты жобаға «Жетісу - жүрегімнің жауһар әні» атты композиторлық туынды ұсынғаны үшін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаты;

2024 жыл - Облыстық «Өткен жылдың жаңа әндері» атты жобаға «Түнгі жауын» атты композиторлық туынды ұсынғаны үшін Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаты;

2024 жылы - КСРО Халық әртісі, композитор, еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Еркеғали Рахмадиев атындағы ІІ Республикалық композиторлар байқауына қатысып, Жолан Дәстенов атындағы арнайы жүлде иегері атанды.

Марапаттары:

2014 жыл - Алматы облысы әкімінің Алғыс хаты;

2020 жыл - Алматы облысының ішкі саясат басқарма басшысының Алғыс хаты;

2021 жыл - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасы;

2022 жыл - «AMANAT» партиясының Алғыс хаты;

2023 жыл - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігінің Алғыс хаты;

2024 жыл - «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы;