Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3
Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/filarmonia-jetisuobl.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Ұжымдар және көркемдік жетекшілер туралы алғысөз:

Даланың дарабоз дарыны Мұқан Төлебаевтың есімін аманаттап алған қазақ халық аспаптары оркестрі - ел мақтанышына айналған бірегей өнер ұжымы. Халық туындыларын, Қазақстан композиторларының талантты шығармаларын, әлемдік және классикалық музыка мұраларын кеңінен насихаттап, көрермен қауымды қуантып, өзіндік мәдени мұрасын болашақ ұрпақтарға сеніммен жеткізетін шығармашылық ұжымның ұлт мәдениетінің сахнасында алған орны биік. Оркестрдің көркемдік жетекшісі, дирижеры - Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, композитор Медет Әнуарбекұлы Есбергенов.

Медет Есбергенов - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының түлегі, кәсіби шеберлігі өте жоғары деңгейдегі көпаспапшы, дарынды музыка өңдеуші. Оркестрдің көркемдік жетекшісі қызметін атқара жүріп, ұлтымыздың сарқылмас қазынасы - халық шығармашылығының дамуына да өз үлесін қосып жүрген талантты музыкант. Оркестрдің саундпродюсері қызметін жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен істейді: ұжымның орындауында белгілі бір шығарманы жазып алып (запись живого исполнения), артынан әр аспаптың дыбысын өңдеумен айналысады. Сонымен қатар, өзі дирижерлік қызметін қосымша атқаратын эстрадалық - симфониялық оркестр репертуарындағы шығармаларды халықтық оркестрге аударып, өңдейді. М.Есбергеновтың осындай мұқиятты еңбегінің нәтижесінде екі оркестрдің де репертуары толығып, ұжымдардың концерттерде кәсіби тұрғыда жақсы өнер көрсетіп жүргені - соның дәлелі.

Медет Есбергенов - филармонияның мақтанышы, болашағынан мол үміт күттіретін кәсіби композитор, уақыт талабына сай әрекет ететін ізденімпаз музыкант, талантты дирижер.

Есбергенов Медет Әнуарбекұлы

20 жылға жуық сахна төрінде киелі өнерді паш етіп, көрермендерінің жүрегіне жол тапқан, мәдени шаралардың ұйытқысы болып, көпшіліктің көңілінен шығып жүрген шығармашылық ұжым - эстрада - үрмелі аспаптар оркестрі. Репертуары бай, классика музыкаларын насихаттайтын, пьесаларды, эстрадалық әндерді жоғары деңгейде орындайтын, құрылған күннен бастап жоғары сұранысқа ие өнер ұжымының болашағы зор. Көркемдік жетекшісі «Еңбек даңқы» және «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері Данияр Серікұлы Жақиянов.

Данияр Жақиянов - оркестр ұжымында бас гитара аспапшысы. Ұжымның репертуар қоржынын арттыру және музыканттардың кәсіби шеберлігін дамыту бағыттарында көп еңбек сіңірді. Данияр Серікұлының жетекшілік етуімен оркестр бүгінгі күнде филармонияның жетістігі мол, кәсіби деңгейі жоғары ұжымдарының бірі.

Жақиянов Данияр Серікұлы

Фольклорлы - этнографиялық ансамбль - 2022 жылы облыс әкімінің қолдауымен ашылды. Көркемдік жетекшісі болып Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Тұрсынхан Қарақожаева тағайындалды. Ұлт музыкасын паш етіп, әрдайым жаңа бағдарламаларымен көрермен қауымды тәнті етіп жүрген өнер ұжымы.

Тұрсынхан Қарақожаева - КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Халық Қаһарманы, әйгілі композитор, дирижер, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің көзі тірісінде өзінен ілім алған шәкірттерінің бірі. Талантты қобызшы Тұрсынхан Төкенқызы еңбек жолын «Отырар сазы» оркестрінде концертмейстер болып бастап, қобыз аспабында ойнау шеберлігімен Н.Тілендиевтің жоғары баға берген шәкірті болды. Осы оркестрде 16 жыл бойы қызмет етіп, шығармашылығын шыңдады. Міне, содан бері 40 жылға жуық ұлтымыздың өнерін өркендету жолында қызмет атқарып жүр. Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп, өз өнерімен елдің рухын көтеріп, еліміздің әлеуметтік - рухани құндылықтарын паш етіп жүрген өнер майталманы.

Қарақожаева Тұрсынхан Төкенқызы

Филармонияда эстрада, классика бағытында және дәстүрлі әндерді орындаушы жеке дауыстағы әншілер қызмет етеді. Облыс, қала деңгейінде өтетін салтанатты, мәдени іс - шаралар әншілердің қатысуынсыз өтпейді. Филармонияның мақтанышы болып саналатын жеке дауыстағы әншілердің көпшілігі - ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары. Олар - қазақ халық музыкасын, басқа да ұлттардың, әлемдік деңгейдегі классика шығармаларын, эстрада туындыларын өнерсүйер қауымға ұсынып, олардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген өнер майталмандары. Көркемдік жетекшісі - Халықаралық байқаулардың лауреаты Бауыржан Мырзабеков.

Бауыржан Болатбекұлы Мырзабеков Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал және дирижерлау» бөлімін аяқтаған. Ол бүгінгі күнде әншілігімен қатар, шәкірттер тәрбиелеп, ұстаздық қызмет те атқарып жүр. Алдыңғы буын шәкірттері халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Тынымсыз еңбегінің нәтижесін бағалап, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжі әкімшілігі «Педагог - модератор» біліктілік санатын берді.

2022 жылы халықаралық ғылыми - педагогикалық әдістемелік «TOP TEACHERS» журналының №11 (17) санында «Вокал өнерінің ерекшеліктері» атты ғылыми мақаласы және «Өнегелі ұрпақ» республикалық ғылыми - әдістемелік журналдың №11(22) санында «Способы развития музыкальных способностей детей» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақалалар болашақ ұрпақтың бойына музыкаға деген сүйіспеншілік дарыту және вокалдың қыр - сырын ашып көрсету тақырыптарында болып, болашақ әншілерге таптырмас пайдалы білім қатарында табылады.

Осындай еңбектерімен Б.Мырзабеков классикалық музыка өнерінің дамуына өз үлесін қосып жүр.

Мырзабеков Бауыржан Болатбекұлы

Би ұжымы - филармония құрамындағы өз шығармашылығымен ерекше орын алатын ұжым. Бишілердің түгелі дерлік кәсіби білімі бар, еліміздің би мамандарын дайындайтын оқу орындарының түлектері. Жаңадан құрылса да, (ұжым 2022 жылдың қазан айында жаңа құраммен өз қызметін бастады), бүгінгі күні Жетісудың өнерсүйер көрерменінің жүрегін жаулап, ықыласына бөленіп жүр. Көркемдік жетекшісі «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің, «Құрмет» орденінің иегері Гүлмира Смағұлова.

Гүлмира Дубекқызы Смағұлованы өңіріміздің би өнерінің «ардагері» десе болады. «Алтын дән» би ансамблінде биші болып бастаған ол Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының құрамындағы «Алтынай» МХБ ансамблінде балет әртісі болып көптеген жылдар еңбек етіп, кейіннен осы ұжымның көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. «Айгөлек» балалар хореографиялық ансамбліне, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ - нде құрылған «Шағала» би ансамбліне жетекшілік етті.

2022 жылы би ансамблінің құрылып, еліміздің түкпір - түкпірінен биші мамандардың жинақталып, бүгінгі күні толыққанды жұмыс істеп жүрген өнер ұжымының қалыптасуына сіңірген еңбегі орасан зор.

Смағұлова Гүлмира Дубекқызы

Өңірімізде бұрын - соңды болмаған, ашылғанына екі жылдың жүзі болған эстрадалық - симфониялық оркестр ұжымы аз ғана уақыт ішінде өнерсүйер көпшіліктің жүрегін жаулап, репертуар қоржынындағы музыка жауһарларымен өзіндік орнын алған кәсібилігі жоғары деңгейдегі ұжым. Көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, танымал композитор, Қазақстан Республикасының Композиторлар Одағының мүшесі Әли Демегенұлы Алпысбаев.

Алпысбаев Әли Демегенұлы