
Бекназаров Серікжан Даержанұлы 1962 жылы 23 тамызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Николаевка ауылында туды. 1969 жылдан 1979 жылға дейін Николаевка ауылындағы орыс орта мектебінде білім алды. 1984 жылы Алматының халық-шаруашылык институтына түсіп,1988 жылы аталмыш жоғарғы оқу орнын аяқтады. Еңбек жолын осы жылы Ақмола облысы ішкі істербасқармасында бастады. 2004-2015 жылдар аралығында Алматы облысының қаржы полициясы Департаментіңде қызмет атқарды. 2015 жылы жасы бойынша отставкаға шықты. Қаржы полициясының подполковнигі. 2016 жылдан бастап «Талдықорғанжылусервис» мекемесінде заңгер бөлімнің бастығы болып қызмет атқарды. 2025 жылдын наурыз айынан бастап Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында комплаенс-офицер қызметін атқарып жүр.
