Базарбекова Айжан Бақытқызы 1992 жылы 17 желтоқсан күні Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентінде дүниеге келді. 2010 - 2015 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алды. Аталмыш оқу орнын «Графика» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2015 жылы «Азия Көркем» ұйымында дизайнер ретінде бастады. Осы жылы «MoNaVi» ұжымында дизайнер қызметін жалғастырды. 2016 - 2017 жылдары І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында, 2017 - 2018 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында суретші - дизайнер болып еңбек етті. 2018 - 2020 жылдар аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында бутафор цехының меңгерушісі қызметін атқарды. 2020 - 2023 жылдары «Талдықорған қаласының оқушылар сарайы» МКҚК - да суретші - дизайнер болып істеді.
2023 жылдан бері Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясында суретші - дизайнер қызметінде.
Марапаттары:
Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығының Алғыс хаты.
«Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми - тәжірибелік орталығының» Құрмет грамотасы - 2021 ж.
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің Құрмет грамотасы - 2021 ж.
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми - тәжірибелік орталығының» Құрмет грамотасы - 2022 ж.
Талдықорған жоғары медициналық колледжінің Алғыс хаты - 2022 ж.
Жетісу облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы - 2023 ж.
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының Алғыс хаты - 2024 ж., мамыр