Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3
Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/filarmonia-jetisuobl.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Фольклорлы-этнографиялық ансамбль

Фольклорлы-этнографиялық ансамбль – филармониямен қатар уақытта құрылған ұжым. Көркемдік жетекшісі Тұрсынхан Қарақожаева ансамбль құрамына білікті аспапшыларды жинақтап, ұжымның репертуарын қалыптастыру бағытында қызу жұмысқа кірісті. Сонымен қатар, ансамбль мүшелері толықтай музыкалық аспаптармен және сценалық костюмдермен қамтамасыз етілді. Домбыра, қобыз, жетіген, адырна, сазсырнай, бас шертер, дауылпаз, сырнай (баян) сынды музыкалық аспаптарымен түгелдей қамтылған ұжым аспапшылары кәсіби біліктіліктері жоғары мамандар.

2023 жылдың қараша айында Талдықорған қаласында өткен «Жетісу сазы» атты республикалық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдердің байқау-фестиваліне қатысып, жүлделі І орынға ие болды.

Оркестр ұжымы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының профессоры Қайырғазы Әшімбекұлы Төленмен тығыз шығармашылық байланыс орнатып, көрермендерге шығармашылық тұрғыда жоғары деңгейдегі концерттік бағдарламалар ұсынып жүр.

Айта кетсек, 2024 жылы ансамбль өзінің алғашқы жаңа концерттік бағдарламасын «Ана жан» айдарымен өнерсүйер көрерменге ұсынды. Қайырғазы Төленнің дирижерлық етуімен ансамбльдің сүйемелдеуімен филармония әншілері ұлтымыздың төл туындыларымен қатар, отандық, шет ел композиторларының әйгілі шығармаларын орындады. Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Нұртазин да өз өнерін паш етті. 2025 жылдың басында «Қош келдің, жаңа жыл!» атты концерт те заманауи стильде өтті. Әуезді де әсем әндер мен құлақтың құрышын қандырар сазға толы музыка мерекесін сыйлап жүрген ансамбль ұжымына тек табыс тілейміз!