Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Камералық хор

2026 жылдың қаңтар айында филармония құрамы тағы бір шығармашылық ұжыммен толығып, камералық хор ұжымы жұмыс істей бастады. Ұжымның көркемдік жетекшісі қызметіне Ардақ Жұмаханқызы Исмагулова тағайындалды. Ұжымның құрамында штат кестесіне сай: бас хормейстер, хормейстер, кітапханашы, концертмейстер, менеджер және хор әртістері жұмыс істейді.  Ұжымның кәсіби сапалығына келетін болсақ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қ.Байсейітов атындағы Талдықорған саз колледжі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі сынды еліміздің музыкалық білім беретін оқу орындарының түлектері.Яғни, білім мен біліктіліктері жоғары деңгейде қалыптасқан, хорда ән айту ісінің шебер мамандары.

Құрылғанына аз уақыт болса да, хор ұжымы мәдени шараларға белсенді қатысып, жоспарға сәйкес өтетін концерттерде өз өнерлерін көрсетіп жүр.

Төкебаев Ержан - бас хормейстер

Сатова Айым - кітапханашы

Түстүкбаева Балжан - кітапханашы

Данабекова Мария- концертмейстер

Ляйлен Әлішер - концертмейстер