ІІІ концерттік маусымының жабылуға арналған шаралар 8 маусым күні эстрада-үрмелі аспаптар оркестрінің концертімен басталды. Қаламыздағы «Жастар» мәдени және демалыс саябағында өткен шара «1990-2000 жылғы хит әндер» деп аталды. Тұрғындар мен қала қонақтары оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста орындалған, уақыт өтсе де, естен кетпеген танымал әндерді әншілермен біріге айтты. Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кешті көрген жанның талайға дейін алған әсері кетпейтіні анық.