8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай облысымыздың түкпір-түкпірінде әр салада қызмет етіп жүрген әйелдер қауымына арналған салтанатты жиыннан кейін концерт өтті. Концерт барысында филармония әртістері М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен аналар туралы әсем әндерді тарту етіп, бишілеріміз ұлттық билерді нақышына келтіре билеп ұсынды.
