Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/filarmonia-jetisuobl.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Жүрегінде ұлт мәдениетіне деген шексіз сүйіспеншілік орын алған өнерпаздың бірі - ерекше мақпал дауыстың иесі болған эстрада әншісі, аз ғана ғұмырында өнер әлемінде өзіндік ізін қалдырған Асылбек Тойлыбаевтың өнері мен өміріне арналған «Аққан жұлдыз» атты еске алу кеші 2025 жылдың 28 мамыр күні филармонияның концерт залында өтті.

Кешке арнайы Асылбектің тыңдармандары, жақын туыстары, Асылбектің үнін сағынған Жетісудың игі жақсылары мен ағалары, аналары, арулары, бауырлары келді. Жиналған жұрт әнші туралы бейнефильм көріп, өмірбаянымен, өнердегі шығармашылығымен жақын танысты. Кеш ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Филармония әншілері Асылбектің репертуарында болған әндерді орындады.

Жаны жайсаң әріптесімізді еске түсіріп, ерекші сезімге толған концерт болды.