2025 жылдың 30 мамыр күні Қазақстан «Жастар одағы» сыйлығының лауреаты, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі, концерт жүргізуші–әртіс Гүлзия Байбосынованың зейнетке шығуына арналған «Алғысым шексіз өнер» атты шығармашылық кеші өтті.
Кеш барысында Г.Байбосынова М.Мақатаевтың, Ж. Нәжмеденовтің, А. Бақтыкерееваның, Ф.Оңғарсынованың, Т.Молдағалиевтың және тағы басқа ақындардың өлеңдерін оқып, әзіл-сықақтарды да нақышына келтіре орындады.
Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ұлжан Айнақұлова, ҚР Мәдениет қайраткері Өміркұл Айниязов өнер көрсетті.
Филармонияның әншілері, «Жетісу сазы» ФЭ ансамблі, «Жетісу» би ансамблі де кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, көрерменге әсем әндері мен әсерлі билерін ұсынды.
Концертті ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, танымал ақын Жұматай Әміреев жүргізді.