19 қараша күні халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, әнші, сырнайшы (баян) Нұрасылова Гүлнұрдың шығармашылығына арналған «Анамның жаққан ошағы» атты айдармен кеш өтті.
Гүлнұр Тұрсынмұратқызы өнерсүйер қауымға композитор ретінде де танымал. Оның шығарған құлаққа жағымды, әсерлі әндері - тыңдаған жанның жүрегінен орын алғын туындылар. Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Қолжетпесім» әнінің авторы Гүлнұр екенін тыңдарманның бірі білсе, бірі білмейді. Сонымен қатар, Г.Нұрасылованың шығармаларының басым көпшілігі Жетісулық ақындардың өлеңдеріне жазылған. Еліміздің С.Майғазиев, М.Сәдуақасова және тағы басқа танымал өнер жұлдыздары Гүлнұрдың туындыларын Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен және жеке орындады. Ал, «Жетісу» би ансамблінің бишілері Гүлнұрдың шығармасына қойылған әсем биін халыққа ұсынды.
Сазды әуенге, сырлы өлеңге толы әдемі кеш көрген көрерменге көтеріңкі көіңл-күй сыйлады.
