Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Филармонияның ардагер әншісі ҚР мәдениет саласының үздігі Бақытгүл Абенова зейнет жасына шығу мерейтойы аясында «Бақыттың гүлі» атты шығармашылық кешін өткізді. Эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған К.Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел!» әнінен басталған концерт өте жоғары деңгейде өтті. Б.Абенованың әріптестері, атап айтқанда, халықаралық байқаулардың лауреаты Т.Нағымбаев Б.Абеновамен Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін, ал ҚР мәдениет саласының үздігі Сая Есенгелдинова Д.Құрамысовтың «Өмір-ай» әнін, Нұржан Ахметбек «Келші досым» әнін дуэтпен орындаса, ҚР мәдениет саласының үздігі Г.Лахаева, «Күреңбел» триосы өз әндерін тарту еттті. ҚР мәдениет қайраткері Гүлмира Ақүрпекова, талантты күйші Рүстем Наурызов, ҚР мәдениет қайраткері Өмірқұл Айниязов сынды Б.Абенованың өнердегі әріптестері де өнерлерін ортаға салды. Концертті «Жетісу» би ансамблінің бишілері бимен көркемдеді.