Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

20 мамыр күні филармонияның білікті дәстүрлі әншісі, Қазақ өнерінің қайраткері Эльмира Дәуренбекова Жаркент өңірінің өнерсүйер жұртшылығына «Бейбіт күн тілегі» айдарымен шығармашылық концертін ұсынды. Ұлтымыздың сыры мен сыны кетпеген дәстүрлі әндерін ерекше сазбен жеткізген, бауырлас қырғыз елінің жырлары мақамына келтіре орындалған, көрерменге рухани әсер қалдырған өнер мерекесі жоғары деңгейде өтті.