Жетісу жерінде «Қазақстан халқының бірлігі» мерекесі кең көлемде аталып өтті. «Бірлік жарысы» марафонымен басталған мереке, «Жастар» мәдени және демалыс саябағында этно-мәдени көрмелермен, спорттық жарыстармен, концерттік бағдарламалармен және интерактивті шараларман ұласты.
Концерттік бағдарламаларға филармония әртістері де белсене қатысып, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.