Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/filarmonia-jetisuobl.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

28 наурыз күні филармония залында ҚР Мәдениет саласының үздігі, Шолпан Даржанның «Елге келдім сағынып» атты ән кеші өтті. Жиналған көрермен ұлтымыздың сарқылмас бұлағы болған халық әндерін құлақ құрышын қандыра тыңдап, дәстүрлі әннің әлеміне еніп, әсерлі ән кешінің куәгері болды.
Концертке әншінің әріптестері: ҚР Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Гүлниза Жұмажанова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Шаттық Уатқан, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Данияр Рақымбай, Аружан Сағындық, Жасұлан Өтемұратов қатысты.