Маусымжабар шаралары тағы да екі концертпен жалғасты. 15 маусым күні қаланың «Жастар» мәдени және демалыс саябағында филармонияның дәстүрлі әншілерінің «Әнмен атқан таңдар-ай» атты және «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Nostalgie» атты концерттік бағдарламалармен жалғасты. Екі концерт те өте жоғары деңгейде өтті. Дәстүрлі әндер мен биден басталған кеш, отандық және әлемдік танымал туындыдардың шеруіне ұласты. Бишілер да қалыспай, кештің әрін ашып, ерекше билерімен өнер көрсетті.