Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі өнерсүйер көрермендерге естен кетпес әсерлі кеш сыйлады. «Soundtrack» деген атауының өзі айтып тұрғандай, концерт барысында әлемге әйгілі кинотуындылардың әуендері орындалды. Атап айтсақ, «Миссия невыполнима», «Гладиатор», «Список Шиндлера», «Дама в лиловом», «Skyfall», «Один дома», «Мстители» және т.б.танымал кинофильмдердің музыкалық шығармалары ұлт аспаптарының орындауында жаңа нақышқа ие болып, көрермендер ерекше әсер алды. Жоғары деңгейде өткен музыка мерекесі үшін оркестр ұжымына және оркестрдің көркемдік жетекшісі және дирижеры Медет Есбергеновке зор алғыс білдіреміз!
