7 наурыз күні филармонияның ерлер қауымы әріптес әйелдерді мерекемен құттықтады. Концерттік залға кірген әйелдерді ерлер раушан гүлдермен қарсы алып, директор құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған сыйлықтар табысталды. Соңынан ерлер қауымы жиналғандарға көтеріңкі көңіл сыйлаған әзілге, әдемі әндерге, әсем билерге толы концерт тарту етті.