8 қазан күні Бикен Римова атындағы драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұржамал Үсенбаеваның шығармашылық кеші өтті. Филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен және әншілерінің қатысуымен өткен концерт әсем әуендер мен сырлы сазға толы болып, өнердің шынайы құдіретін көрермендерге сездірген әсер қалдырды.