Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/filarmonia-jetisuobl.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Филармонияның шығармашылық ұжымдарының бірі, көрермен қауымды репертуарымен сүйсіндіріп, ел ықыласына бөленіп жүрген «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі жаңа жыл мерекесінің қарсаңында талғамы биік өнерсүйер қауымға «Қош келдің, жаңа жыл!» атымен мерекелік концерт өткізді. Кештің ерекшелігі сол, шетелдік танымал туындыларды қазақ ұлттық аспаптарында заманауи форматта көрсету еді. Ұжымға дирижерлік еткен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Қайырғазы Төлен - кеш барысында орындалған шығармаларды ұлттық аспаптарға аударып, өңдеуші автор. Ансамбльдің сүйемелдеуімен әншілердің орындауында шырқалған әндер мен саундтректер жиналған көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.