Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Келіп жеткен 2026 жыл баршамызға құтты, қайырлы, табысты, жемісті жыл болғай! 
Филармония ұжымы өңіріміздің мәдениетін арттыру, ұлтымыздың қасиетті өнерін дәріптеу, сан қырлы, сұлу да сазды музыка өнерін паш ету бағытындағы қызметін атқаруын жалғастырады.
2026 жылда мәдени шаралар Жетісудың жезтаңдай әншісі, саңлақ сазгер, Қазақстанның халық әртісі Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына орайластырып өткізіледі. Яғни, жыл бойы қазақ музыка әлемінде өзіндік ізі мен қолтаңбасын қалдырған дара тұлғаның рухына деген құрметімізді осылайша көрсетпекпіз! Сонымен қатар, осы мерейтой аясында Дәнеш Рақышевтың мұрасын насихаттау мақсатында салтанатты шаралар өтеді.
Біз сіздерді әрқашан көтеріңкі көңіл сыйлап, рухани азық беретін, концерттерімізде күтеміз!