Астана қаласында композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 толуына орай «Құстар әні» фестивалі өтті. Аталмыш мәдени шараға Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының директоры С.Джексембаевтың бастауымен «Жетісу сазы» ФЭА, «Күреңбел» триосы қатысып келді.