Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің альт қобызшысы Саурбаев Қази Райдоллаұлы 20 қаңтар күні зейнет жасына шықты.

Құрметті Қази Райдоллаұлы!

Мағыналы ғұмырыңыздың биік  белесі  - зейнеткерлік жасқа келуіңіз құтты болсын! Осындай кемел кезеңге тың жігермен, емен-жарқын көңілмен келдіңіз. Өнегелі өмір жолында еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп жүрген Сізге деген құрметіміз зор. Филармония құрамында көптеген жылдар еңбек етіп, ұлтымыздың мәдениеті мен өнерін өркендету  жолында ат салысып,  өзіңізді  білетін барша жанға сыйлы, беделді бола  білдіңіз.   Қызмет жолында қажыр-қайратыңыз арқылы абырой биігінен көрініп, әріптестеріңізге үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді таныта білдіңіз. Маңдайыңызға бұйырған мәртебелі өнер Сізді елге елеулі, халыққа қалаулы етті. Отбасыңызға бақыт пен береке, амандық тілей отырып, ғұмыр жасыңыз ұзақ, мерейіңіз үстем болуына тілектеспіз!