Талдықорған қаласының «Қала күні» мерекесі аясында филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрі тарту ретінде концерттік бағдарлама ұсынды. Концерт барысында оркестрдің өз орындауында және оның сүйемелдеуімен әншілер отандық, шетелдік әлемге әйгілі музыка туындыларын өз нақышына келтіре орындап, жиналған көрермендерге әсерлі саз кешін сыйлады.
