Филармонияның концерт залы 29 қаңтар күні кеңес дәуіріндегі рок-музыкант, «Кино» тобының негізін қалаған әнші Виктор Цойдың әндері мен әйгілі топтың шығармаларын орындаған еске алу кешімен ерекшеленді. Филармонияның эстрада-үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ұжымның солисттері Ильяс Николаев пен Татьяна Цой, әншілер Ақбота Сабыржанова, Жасұлан Әйтенов аты аңызға айналған композитордың композицияларын орындады. Концерт жоғарғы деңгейде, жоғарғы ырғақта, жоғарғы көңіл-күйде өтті. Бұл концертті келіп, көргендер талай уақытқа дейін алған әсермен жүретіндері анық!!!

