Филармонияның концерт залында «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «Әлем мойындаған музыка» атты әсерлі концерттік бағдарламасын өткізді. Қайырғазы Төленнің дирижерлік етуімен ансамбль жаһандық және отандық туындыларды орындап, әншілер әсем әндерден шашу шашты. Кеш қонақтары әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан, аспапшы Гауһар Жұмағұлова да өздерінің орындауларымен кештің әрін аша түсті.Ұжымның көркемдік жетекшісі Тұрсынхан Қарақожаева да өнер көрсетіп, қобыз аспабында керемет шығармалар орындап берді. Концертті көрген және тыңдаған адам рухани демалыс алып қайтты.
