16 маусым күні «Жастар» мәдениет және демалыс саябағының сахнасында эстрадалық-симфониялық оркестр ұжымы маусымжабар шарасы аясында «Әлемді тербеткен әуендер» атты концерттік бағдарламасын жиналған жұртшылыққа ұсынды. Кеш барысында әлемдік хиттар мен танымал композициялар орындалып, көрермендерге керемет музыкалық әсер мен көңіл-күй сыйлады.