Филармонияның М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижеры Медет Есбергенов «Ұлы дала» атты Республикалық халық әндері мен шығармалары байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Медет Есбергенов - кәсіби шеберлігі өте жоғары деңгейдегі көпаспапшы, дарынды музыка өңдеуші. Сонымен қатар, филармонияның мақтанышы, болашағынан мол үміт күттіретін кәсіби композитор, уақыт талабына сай әрекет ететін ізденімпаз музыкант, талантты дирижер.
Жеңісіңіз құтты болсын! Шығармашылығыңызға өрлеу тілейміз!
