22 мамыр күні облыс орталығы Талдықорған қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі жиын барысында құттықтау сөз сөйлеп, үздік мамандарды марапаттады. Марапатталған қатарында филармония әртістері де бар.
Мемлекеттік марапат:
Т.Оразаев - «Ерен еңбегі үшін» медалі
Т.Есеналиева - «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі
ҚР мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты:
Ә. Есенгелдинов
Жетісу облысы әкімінің Алғыс хаты:
Г.Ахманова
Д.Дубеков
Арнайы номинациялар:
«Үздік биші» - Қ.Тілеубергенов
«Үздік аспапшы» - А.Тусупбаев
«Үздік техникалық - жабдықтау қызметкері» - О.Нұртай
Жиын соңы облысымыздың өнер майталмандарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Облысымыздың маслихат төрағасы Г. Қожағұлова да өз тарапынан бірқатар әртістерді кәсіби мерекеге орай марапаттады:
С.Жексембаев - Құрмет грамота
Б.Мырзабеков - Алғыс хат
Г.Смағұлова - Құрмет грамота
А.Базарбекова - Алғыс хат
А.Нүсіпов - Алғыс хат
Марапат иелерін құттықтаймыз!