Қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың есімін құрметпен алып жүрген филармоняның ардагер ұжымы халық аспаптары оркестріне биыл 35 жыл толып отыр. Елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге шығып, ұлт өнерін, еліміздің музыка өнерін танытып жүрген ұжымның мерейтойына арналған концерттік бағдарламалар ақпан айында Көксу ауданынан бастау алғалы отыр. Ұжымға шығармашылық өрлеу, жаңа табыстар тілейміз!
