2023 жылдың 13 наурыз күні қазақтың көрнекті композиторы, КСРО Халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың 110 жылдық мерейтойына орай «Мұқанның мәңгілік мұрасы» атты танымдық тұлғалық кеш болып өтті. Кеш барысында ҚР мәдениет қайраткері А.Қабыкенова композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Артынан М.Төлебаев туралы деректі фильм және М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің орындауында «Біржан-Сара» операсынан үзінді көрсетілді. Қонақ болып келген қаламыздағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері атақты композитор туралы көптеген ақпарат алып қайтты.