13 қазан күні филармонияның кезекті ІV маусымның ашылуына арналған концерт жоғары деңгейде өтті. «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, бишілер ансамблі, жеке дауыстағы әншілердің көрерменге ұсынған бағдарламасы тағы да бір рет өнердің құдіреті мен кереметтілігін дәлелдеген өнер мерекесі болды.