Филармонияның өнерпаздары Панфилов ауданының «Сарытөбе» ауылы мен аудан орталығы Жаркент қаласында ерекше әсер қалдырған концерт өткізді. Кеш барысында «Күреңбел» триосы, «Жетісу» би ансамблі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов, дәстүрлі әншілер: ҚР мәдениет саласының үздігі Бейбіт Мұсаев, Абылай Қожақов, эстрада әншісі: Ақбота Сабыржанова, қобызшы Әсен Смағұл өнер көрсетті.
