Қазақстанның халық әртісі, саңлақ сазгер, жезтаңдай әнші Дәнеш Рақышевтың 100 жылдығына арналған шаралар «Ән салайын» атты дәстүрлі ән-би кешімен ашылды. «Жетісу сазы» ФЭ ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі әншілер мен бишілер сазды әуенге толы әндер мен әсем билер орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
