Елімізде 14 наурыз күні «Көрісу» амалымен бастау алған Наурыз мерекесі аясында «Отбасы» күні, «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні», «Ұлттық киім» күні, «Ұлттық спорт» күні шараларымен жалғасып, «Тазару» амалымен аяқталды. Облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен осы мәдени шаралардың барлығында дерлік филармония әртістері әсем әндер шырқап, дәстүрге толы ұлттық билерден тарту тартты.
