5 қыркүйек күні филармонияның барлық қызметкерлерінің қатысуымен жалпы жиналыс өтті. Директордың орынбасары Б.Кенжебаев өткен концерттік маусымда атқарылған мәдени шаралар мен жетістіктерге тоқталды. Директор С.Джексембаев жаңа маусымға қойылатын жоспарлар жайлы айтып, бірқатар әртістерді марапаттады. Сонымен қатар, 60 жасқа толған Талғат Орынбасарұлына шапан кигізіп, алғыс хатпен марапаттады.