Филармония ұжымы 25 маусым күні кезекті ІІІ концерттік маусымның жабылуын ауқымды концерттік бағдарламамен аяқтады. Барлық ьшығармашылық ұжымдар қатысқан өнер мерекесі Қаратал өзенінің жағалауында өтті. Бұл кеште орындалған ән де, күй де, би де, әрбір туындыға дейін көрерменнің көкейінен талайға дейін кетпесі анық. Филармония өнерпаздары тағы да жер жаннаты Жетісудың мәдениеті мен өнері биік деңгейде екенін көрсетті.