2024 жылдың 17 қаңтар күні филармонияның өнер майталмандары және өңіріміздің дәстүрлі әншілерінің қатысуымен Бикен Римова атындағы драма театр ғимаратында «Әнмен атқан таңдар-ай!» айдарымен ұлттық әуен мен өрнектелген биге толы кеш өтті. Мюзикл жанрында өткен өнер мерекесі аясында халқымыздың төл әндері шырқалып, көңіл ашар күйлері орындалып, әсем билері нақышына келтіріле өнерсүйер көрерменге ұсынылды.