Ән мен жырдың киелі ордасы – Жетісудың төрінде орналасқан филармония ұжымының еншісінде үздік өнердің үлгісі болған алдыңғы буын өнер майталмандарының ізін жалғастырып, киелі мұраны келешек ұрпаққа дәріптеп жеткізу тұр. Қастерлі ұлттық қазынамызды саф күйінде сақтап қалу – біздің негізгі тұғырымыз.
Кіру
AA+
-3

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

16 қазан күні ән мен жырдың жазиралы өлкесі Жетісу сахнасында ұлтымыздың жезтаңдай әншісі, композитор Дәнеш Рақышевтың шәкірті әрі ізбасары, бүгінгі таңда Жетісу дәстүрлі әншілік мектебінің көшін бастап, дамытып, насихаттап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов пен дәстүрлі әннің дарабозы, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы «Сал-серілер ізімен» айдарында рухани кеш сыйлады. Қос әншінің жекелей және Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен орындаған әндері концертті көрген әрбір көрерменнің жүрегіне өнер мен дәстүр тоғысқандағы терең иірімдер мен үйлесімді орнатты.